Созақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
«Учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы» №82
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ
- Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №82 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін, қосымшаға сәйкес ұсынылған құрам сайлансын. (қосымша тіркеледі).
- Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Аудандық мәслихат төрағасы О.Жәмиев
Созақ аудандық мәслихатының
2026 жылғы 23 қыркүйектегі
№280 шешіміне қосымша
Созақ аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№82 шешіміне қосымша
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:
№694 сайлау учаскесі бойынша
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі, №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Тәңірбергенұлы Нұржан – Созақ аудандық білім бөлімінің медициналық кабинет меңгерушісі, «Ақ жол» партиясы Созақ аудандық филиалының өкілі;
№701 сайлау учаскесі бойынша
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ ауылы, Т.Момбеков көшесі, №21, Түркістан облысы білім басқармасының Созақ ауданы білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Даужан Ержан Ергешбайұлы – Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі, «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілі.
№702 сайлау учаскесі бойынша
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылдық округі, Сызған ауылы, Мектеп көшесі, №9А, Түркістан облысы білім басқармасының Созақ ауданы білім бөлімінің «Қ.Рүстемов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Атаханова Айгүл Айтбекқызы – жұмыссыз, «Ауыл» партиясы Созақ аудандық филиалының өкілі;
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1298241?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау