Табиғат – балаларымыз бен немерелерімізге қалдыратын баға жетпес мұрамыз. Таза ауа, мөлдір су, жасыл желек пен абаттандырылған аумақтар тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне де байланысты.
Өкінішке қарай, қоқысты белгіленбеген орындарға тастап, қоршаған ортаны ластайтын және өскелең ұрпаққа теріс үлгі көрсететін азаматтар әлі де кездеседі.
Осындай құқық бұзушылықтардың бірі Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелді. Бейнежазба негізінде полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған азаматқа қатысты тиісті шаралар қабылданып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Заманауи технологиялар полицияға оқиғаларға жедел ден қоюмен қатар, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтарды анықтауға және белгіленген талаптарды елемейтін азаматтарды жауапкершілікке тартуға көмектесуде.
Алайда өңір тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Полиция құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жұмыстарын жалғастырады. Дегенмен табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау тек бірлескен күш-жігердің арқасында мүмкін болмақ.
Табиғатты аялау – балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына қамқорлық жасау!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1298176?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау