Қазақстандық спортшы, Теміртау қаласының тумасы Владислав Яковлев Иван Чернухинмен бірге Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Қазақстандық экипаж академиялық ескек есуден ерлер арасындағы рулі жоқ қос ескекті қайықтар бәсекесінде «А» финалында алтын медаль иеленді.
Шешуші жарыста Владислав Яковлев пен Иван Чернухин 6 минут 25,13 секунд нәтиже көрсетіп, Қытай экипажын 2,09 секундқа басып озды. Қола жүлде Өзбекстан спортшыларына бұйырды.
Владислав Яковлев үшін бұл жеңіс халықаралық аренадағы кезекті ірі жетістік болды. Спортшы қазір Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Түркістан облысының намысын қорғап жүр.
Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы академиялық ескек есу тарихындағы алғашқы алтын медалі.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1298251?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау