ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN – 2026» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
25-26-27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде ашық аспан аясында Халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді.
Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері фестивалі – қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын, Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытатын ірі мәдени жоба.
Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ.
Биылғы ән додасына Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Қырғызстан, Куба, Гвинея, Қарачай-Черкес Республикасы, Башқұртстан және Бразилия елдерінен келген әншілер қатысады.
Фестиваль аясында қолөнершілер ауылы, түркітілдес елдер дизайнерлерінің шеруі, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, түркі әлемінің танымал жұлдыздары бір сахнада бас қосады.
Өтетін орны: «Керуен сарай» туристік кешені
Өтетін күндері: 25-26-27 қыркүйек

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1298658?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version