Департамент басшысы З.Илимжанованың «Зейнетақымен қамсыздандыру-қабылданған өзгерістер және олардың азаматтар үшін маңызы» тақырыбындағы түсіндірмесі.
Облысымызда 98 мың зейнеткер тұрады.
Ағымдағы жылдың басынан бері Департамент тарапынан 9 472 жаңа зейнетақы төлемі тағайындалды, немесе 5000 азамат «зейнеткер» мәртебесіне ие болды.
Біздің облысымызда ең үлкен жастағы зейнеткер – 106 жаста.
Зейнеталды жасына жеткен кезде, азаматтарды ең алдымен, болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызықтырады.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне белгіленген ең төменгі әлеуметтік стандарттар әсер етеді.
Осы жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын азаматтардың зейнетақы мөлшері болжам бойынша 8,5 пайызға артады.
Осыған байланысты келесі жылы зейнетақы төлемдері келесі мөлшерде тағайындалуы мүмкін:
Жасына байланысты зейнетақы төлемі: Ең төменгі мөлшері – 74 919 теңге;
Ең жоғары мөлшері – 193 587 теңге.
Базалық зейнетақы төлемі: Ең төменгі мөлшері – 38 622 теңге;
Ең жоғары мөлшері – 66 208 теңге.
Енді ағымдағы жылдың ең төменгі әлеуметтік стандарттарын ескере отырып, базалық зейнетақы төлемінің негізгі мәселелеріне тоқталайық.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болған жағдайда немесе ол болмаған кезде базалық зейнетақы төлемі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын, яғни 35 596 теңгені құрайды.
10 жылдан асқан әрбір толық жыл үшін күнкөріс деңгейінің тағы 2 пайызы қосылады.
Мысалы, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 20 жыл болған жағдайда, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері күнкөріс деңгейінің 90 пайызын, яғни 45 766 теңгені құрайды.
Ал 34 жыл және одан да көп өтілі болған жағдайда күнкөріс деңгейінің 118 пайызы мөлшерінде, яғни 60 005 теңге базалық зейнетақы төлемі тағайындалады. Еңбек өтілі неғұрлым ұзақ болған сайын, төлем мөлшері де соғұрлым жоғары болады. Келесі жылы 36 жыл еңбек өтілі болған жағдайда базалық зейнетақы төлемі күнкөріс деңгейінің 120 пайызын құрайды.
Бұған дейін біз жиынтық зейнетақы мөлшері бірнеше құрамдас бөліктен тұратынын, оның ішінде еңбек өтілі мен зейнетақы төлемін тағайындау кезінде ескерілетін орташа айлық табыс мөлшеріне байланысты екенін атап өткен болатынбыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1298253?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау