№28 мекемесінде спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар апталығы қорытындыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 №28 мекемесінде 2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған сотталғандар арасында спорттық, мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралар кешені бір апта бойы өткізілді.

 

Апта барысында сотталғандар арасында қол күресінен, арқан тартудан, гір көтеруден, асық атудан және ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.

 

Іс-шаралар аясында А.Н. Островский атындағы Орал драма театрының әртістері мекемеге келіп, сотталғандар алдында өнер көрсетті. Театр қойылымы қатысушылардың мәдени демалысын ұйымдастырып, өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

Апта бойы өткізілген спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға сотталғандар белсенді қатысып, өздерінің ептілігін, күшін, төзімділігін, зейінділігін және ұйымшылдығын көрсетті.

 

Апталықтың қорытындысы бойынша бүгін мекемеде сотталғандарды салтанатты түрде марапаттау және көтермелеу рәсімі өткізілді. Спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған, сондай-ақ мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқан сотталғандарға марапаттар табысталып, көтермелеу шаралары қолданылды.

 

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық спорт пен мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1299109?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version