Жыл басынан бері Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 145 граффити-жазуды анықтап, оларды өшіруді ұйымдастырды. Оның 120-сында есірткіні заңсыз жарнамалау белгілері болған.
Мұндай жазулар елді мекендердің көркін бұзып қана қоймайды. Есірткінің ашық түрде жарнамалануы, әсіресе, жасөспірімдер мен жастарға қауіп төндіреді.
Анықталған фактілер бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері мұндай жазуларды анықтау және оларды жою бойынша жұмысты жалғастыруда.
Егер ғимарат қабырғасынан немесе басқа да қоғамдық орындардан есірткі жарнамасын байқасаңыз, бұл туралы 102 нөміріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1299107?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау