Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, Үштөбе қаласы, Қаратал тарихи-өлкетану музейінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 110 жылдығына орай «Бостандық үшін басталған күрес» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында 1916 жылғы көтерілістің туындауына әсер еткен әлеуметтік-саяси жағдайлар, патша өкіметінің отарлық саясаты, 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының қазақ қоғамына әсері, Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың барысы мен ерекшеліктері, сондай-ақ халықтың босқыншылыққа ұшырауы мен тарихи тағдыры кеңінен талқыланды. Шараға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Тілеубаев Шамек Баянұлы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Оразов Рашид Ешенұлы, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Төленова Зирабүбі Маймаққызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, магистрант Өнербек Қуанған, «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қажет Андас, сондай-ақ, мәдениет қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, білімгерлер мен оқушылар қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1298984?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау