Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмасына сәйкес, Тілдер күні мерекесі және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ақпараттық-түсіндіру және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін қалаған, ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері. Оның қазақ тілін дамытуға, ұлттық сананы қалыптастыруға және білім мен ғылымды насихаттауға қосқан үлесі ұшан-теңіз.
Ұлт ұстазының мол мұрасын дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Тіл – ұлттың рухани өзегі, ал Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы – ұрпаққа аманат!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1298781?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау