Ана мен балаға жасалған жағдай — басты назарда
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек облыстық перинаталдық орталығының босандыру залында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.
Ол ана мен балаға медициналық көмек көрсетілетін бөлмелерде санитариялық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік мәселесі және болашақта қызмет көрсетуге қолайлы жағдай қалыптастыруға назар аударуды тапсырды.
Босандыру залы – перинаталдық орталықтағы ең жауапты бөлімдердің бірі. Мұнда ана мен нәрестенің өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты медициналық көмек көрсетіледі. Сондықтан, мұндай бөлімдердің заман талабына сай жабдықталып, тиісті талаптарға сәйкес болуы аса маңызды, – деді ол.
Басқарма басшысы перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлзада Әшірбаеваға жөндеу жұмыстарын жіті бақылауда ұстап, жұмыстың сапасына баса мән беруді жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1298717?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау