Astana Invest МГУ оқытушылары мен студенттеріне № 1 Индустриялық паркке экскурсия ұйымдастырды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Astana Invest М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының (МГУ)профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне Астанадағы № 1 Индустриялық паркке экскурсия ұйымдастырды. Сапардың мақсаты — қонақтарды елорданың өнеркәсіптік әлеуетімен және жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен таныстыру.

Экскурсия барысында қатысушылар алты өндіріс орнында болды. Kazakhstan Paramount Engineering зауытында олар брондалған көліктердің жасалу үдерісімен танысты. Кәсіпорын «Арлан», «Алан», «Номад» және «Барыс» үлгілеріндегі брондалған техниканы шығарады.

«Аверс» зауытында қонақтарға қаланы абаттандыруға арналған бетон бұйымдарының өндірісі көрсетілді. Мұнда тротуар плиткалары, төсемтастар мен жиектастар шығарылады.

«Бірыңғай шоғырландыру орталығы» кәсіпорнында қатысушылар бақылау-индикаторлық пломбалар, жануарларды сәйкестендіруге арналған құлақ сырғалары, бекіту-пломбалау құрылғылары және қорап тәрізді полипропилен қаптар өндірісімен танысты.

Digital System Servis зауытында қонақтар CUMAN брендімен шығарылатын телекоммуникациялық жабдықтарды көрді. Ал ModeX Astana зауытында тұрғын үй құрылысына арналған темірбетон блок-модульдерін өндіру үдерісімен танысты.

Сонымен қатар қатысушылар Stadler Kazakhstan зауытында болды. Кәсіпорын теміржол жолаушылар вагондарын өндіруге маманданған. Қонақтар вагон жасау саласындағы өндірістік жұмыстармен және зауыттың қызметімен танысты.

Экскурсия студенттерге әртүрлі саладағы кәсіпорындардың жұмысын өз көздерімен көріп, заманауи өндіріс туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді. Мұндай сапарлар жоғары оқу орындары мен өндіріс орындары арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1299156?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version