26 қыркүйек күні таңертең Астанадағы Журналистер аллеясында вандализм ісі тіркелді. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысы бар екі жасты анықтап, ұстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жастар мүсіндік композицияны, сондай-ақ оған іргелес аумақтағы жеті қоқыс жәшігін бүлдірген.
Полиция елорданың екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Мұндай фактілердің ешқайсысы құқықтық бағасыз қалмайды, ал кінәлілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1299283?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау