Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы жалғасып жатыр.
Байдаркамен 500 метрге жарыста Қазақстан әйелдер құрамасы финалда 3-орыннан көрінді. Командамыздың уақыт көрсеткіші – 1 минут, 37.005 секунд. Ақтық сында ел намысын қорғаған спортшылар – Ольга Шмелёва, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая мен Эвелина Костенко.
Бұл бағдарламада Қытай құрамасы чемпион атанса, одан кейін мәре сызығын Өзбекстан командасы кесіп өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1298708?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау