2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық: тұрғындарға маңызды ақпарат
Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары!
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта аудан бойынша 5 теміржол тұйығы және 3 қатты отын қоймасы жұмыс істеп тұр.
Теміржол тұйықтарындағы көмір бағасы:
- «Жантере Ырыс» ЖК – 21 500 теңге;
- «Контакт Угле Пром» ЖШС – 22 650 теңге;
- «BT ALLIANCE TRADE» ЖШС – 21 000–22 500 теңге;
- «АРС» ЖШС – 21 500–23 000 теңге;
- «ЕРКІН» ЖК – 21 500 теңге.
Алдағы уақытта Қабанбай ауылында 3 қатты отын қоймасын іске қосу жоспарлануда:
- «Кисляков» ЖК;
- «Калажанова» ЖК;
- «Оспанов» ЖК.
Қазіргі таңда аудан бойынша көмір қоры жеткілікті. Алайда күзгі-қысқы кезеңде сұраныстың артуына байланысты көмір сату орындарында кезек пен қарбалас туындауы мүмкін.
Осыған байланысты аудан тұрғындарын қатты отынды жылыту маусымы басталғанға дейін алдын ала сатып алып, қажетті қорын дайындауға шақырамыз.
Сонымен қатар, «Алакөл Жылу» МКК-да жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Кәсіпорын зертханасына қажетті жабдықтар толық көлемде сатып алынып, орнатылды. Сондай-ақ көмір ұсатқышқа қажетті материалдар жеткізіліп, оны монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдық округ әкімдіктері арқылы тұрғындарға жылыту маусымы басталғанға дейін қатты отын қорын алдын ала дайындаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті тұрғындар!
Жылыту маусымына дайындықты кейінге қалдырмай, көмірді алдын ала сатып алып, қысқы кезеңге қажетті отын қорын дайындауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1299053?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау