Ішкі істер министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі – қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қылмыстық мақсатта пайдаланылған 1 700-ден астам қаруды тәркіледі. Олардың қатарында 34 автомат, 458 тапанша, мыңнан астам мылтық, 3 гранатомет және 12 мыңға жуық оқ-дәрі бар.
2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақты іздестіруге ерекше назар аударылуда. Бұл бағыттағы жұмыс еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр.
Жыл басынан бері осындай 152 қару бірлігі заңсыз айналымнан алынды. Тек қыркүйек айының өзінде тағы 9 қару тәркіленді.
Тамыз айында Алматы және Өскемен қалаларында полиция қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынынан Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінен қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған үш қару бірлігін тәркіледі.
Қыркүйек айының басында Тараз қаласында үйінде Макаров тапаншасын сақтаған жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған қарудың да 2022 жылғы қаңтарда Жамбыл облысында ұрланғаны анықталды.
Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру жөніндегі республикалық акция жалғасуда. 20 сәуірден бері азаматтар 900-ден астам қару бірлігін және 6 мыңға жуық оқ-дәріні өз еркімен тапсырды.
Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырған адамдар заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Егер сізге қарудың заңсыз сақталатын орындары туралы ақпарат белгілі болса, бұл туралы полицияға “102” нөмірі арқылы немесе eOtinish сервисі арқылы хабарлаңыз. Анонимдікке кепілдік беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1299262?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау