Көмекке жүгінуден қорықпаңыз: ШҚО-да «Қауіпсіздік коды» акциясы өтуде
Шығыс Қазақстан облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және азаматтарға қиын жағдайға тап болған кезде қайда жүгінуге болатынын түсіндіруге бағытталған «Қауіпсіздік коды: 102–111–150» республикалық профилактикалық акциясы жалғасуда.
Өскемен қаласында Полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы «Жанұя» отбасыны қолдау орталығының және «Үлбі» қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің психологтарымен бірлесіп, қала тұрғындарымен кездесу өткізді.
Мамандар қауіпсіздік шаралары, психологиялық және әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы айтып, көмекке жүгінуге болатын негізгі нөмірлерді еске салуда:
- 102 — полиция;
- 111 — отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы;
- 150 — сенім телефоны.
Акция азаматтарға қолжетімді көмек түрлері туралы ақпарат беріп, қиын жағдайда қолдаусыз қалмауға мүмкіндік береді. Көмекке дер кезінде жүгіну зорлық-зомбылықтың алдын алып, қиын жағдайға тап болған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1298815?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау