2026 жылғы 24 қыркүйек күні Привольное ауылында аудан мектептерінің оқушылары арасында «Күзгі кросс» жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Жарысқа ауданымыздың 28 мектебінен 191 оқушы қатысып, спорттық шеберліктерін, ептіліктері мен төзімділіктерін ортаға салды.
Жалпы командалық есеп бойын
🥇 І орын — Бірлік орта мектебі
🥈 ІІ орын — №2 Новоишим орта мектебі
🥉 ІІІ орын — Нежинка орта мектебі
Жарысқа қатысқан барлық оқушыларға белсенділіктері мен спортқа деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаз командаларды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биіктерден көріне беріңіздер!
Спорт — денсаулық кепілі, ал жеңіс — табандылықтың жемісі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1299139?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау