Павлодар полициясы қауіпті көлік жүргізуді тоқтатты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

-Павлодар облысында цифрлық технологияларды, оның ішінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу бағытында қолдану бойынша жұмыстар жалғасуда. Мобильді қосымша арқылы азаматтар құқық бұзушылықтар туралы бейне және аудио қоңыраулар, сондай-ақ мәтіндік хабарламалар арқылы хабарлай алады.

Мұндай жүйенің артықшылығы – полиция операторы оқиға орнында болып жатқан жағдайды онлайн режимінде көріп, қоңырау шалушының орналасқан жерін жедел анықтап, тиісті ден қою шараларын дереу қабылдай алады, – деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.

Мәселен, қала тұрғынынан қосымша арнасына Олжабай батыр көшесінде Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызғаны туралы мәтіндік хабарлама келіп түскен.

Хабарлама автопатрульге жолданды. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. Жол қозғалысы ережелерін бұзып, апаттық жағдай туғызған жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып.

Егер сізге көмек қажет болса немесе жанжал жағдайына тап болсаңыз, аталған қосымша арқылы полицияға жүгініңіз. Қоңырау шалу себебін, оқиға болған мекенжайды айтып, оператордың барлық сұрақтарына жауап беруге тырысыңыз. Қоңырауды бірінші болып аяқтамаңыз, оператордың әңгімені аяқтауын күтіңіз.

«Заң және тәртіп» қағидаты полиция органдары қызметінің негізгі бағыты болып қала береді. Оның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1298845?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version