ХХ жазғы Азия ойындарында сырықпен секіруден әйелдер арасындағы жүлде сарапқа салынды.
23 жастағы Полина Иванова Үндістан спортшысымен бірдей көрсеткіш тіркеп, нәтижесінде 2 қола жүлде табысталатын болды. Одан бөлек, Анна Черкашина 4 метр көрсеткішпен 7-орынға тұрақтады.
Жарыс нәтижесі:
🥇🇯🇵Мисаки Морота (Жапония) – 4.55 метр
🥈🇨🇳Ню Чуньгэ (Қытай) – 4.50 метр
🥉🇰🇿Полина Иванова (Қазақстан) – 4.15 метр
🥉🇮🇳Бараника Елангован (Үндістан) – 4.15 метр
Айта кетейік, бұл жеңіл атлетикадан ел қоржынына түсіп жатқан үшін жүлде. Бұған дейін спорттық жүрістен Кристина Морозова күміс медаль алса, Алина Чистякова жетісайыстан қола жүлдегер атанды.
📸Никита БАСОВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1299149?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау