Қазақстан мен Словакия су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты жандандыруда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері мен Словакияның «Vodohospodárska výstavba» мемлекеттік кәсіпорны арасында онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында қазақстандық су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру және оларды словакиялық кәсіпорынның қарамағындағы нысандар мен ғылыми-өндірістік алаңдарда тағылымдамадан өткізу мәселелері талқыланды.

Аталған бастама су саласындағы сарапшылар арасында тәжірибе және білім алмасуды дамытуға, сондай-ақ су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану саласындағы заманауи еуропалық тәсілдерді зерделеуге бағытталған.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық мамандардың теориялық және практикалық даярлығының негізгі бағыттарын айқындады. Олардың ішінде:

су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су ресурстарын тиімді басқару;

гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және техникалық қызмет көрсету кезінде инновациялық технологияларды енгізу;

гидроэнергетикалық нысандарды мониторингтеу және цифрландыру.

Тараптар су ресурстарын басқару саласындағы кәсіби кадрлардың біліктілігін арттыру мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендерін білдірді.

Келіссөздер барысында бағдарламаларды іске асырудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, оқытудың алдын ала белгіленген мерзімдері мен ұзақтығы, оқу топтарының саны мен құрамы, логистикалық талаптар, сондай-ақ тағылымдамаларды ұйымдастырудың қаржылық-экономикалық тетіктері қаралды.

Онлайн кездесу қорытындысы бойынша оқу модульдерінің мазмұнын нақтылау, тағылымдама барысында баратын нысандардың тізбесін бекіту және бағдарламаны іске асырудың ұйымдастырушылық-техникалық тәртібін айқындау мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстан мен Словакияның бейінді ұйымдары арасында тәжірибеге негізделген өзара іс-қимылдың тұрақты тетігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар словакиялық жетекші сарапшылардың тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының су шаруашылығы саласындағы кадрлық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1299129?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version