Бүгін, 25 қыркүйек – елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиындары кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің қазасы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып, терең қайғыға батырды.
Бұл – бәріміз үшін орны толмас ауыр қаза және ортақ қайғы. Отан қорғау жолында, қызметтік міндетін атқару барысында мерт болған ержүрек жауынгерлеріміз өз борыштарына соңына дейін адал болды. Қалалық мәслихат төрағасы ретінде өз атымнан және қалалық мәслихат депутаттарының атынан қаза тапқан сарбаздарымыздың ата-аналарына, отбасыларына және жақындарына қайғырып, шын жүректен көңіл айтамын.
Осынау ауыр қайғыны еңсеруге күш-жігер мен төзімділік тілеймін. Сарбаздарымыздың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады.
Арты қайырлы болсын. Иманды болсын.
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихат төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1298747?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау