Қызылордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Қызылорда қаласында бейнебақылау камералары арқылы бірнеше жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші анықталды.

     Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шаралар қабылдап, құқық бұзушыны анықтады. Тексеру барысында оның көлік құралын масаң күйде басқарғаны белгілі болды.

     Жол қозғалысы ережелерін бұзған Қызылорда қаласының 21 жастағы тұрғыны Айтбаев Нұрсұлтан полиция бөліміне жеткізілді.

     Бұдан бөлек жүргізушіге қатысты маневр ережесін бұзып, техникалық байқаудан өтпей, авариялық ахуал тудырып көлік басқарғаны және бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін хаттамалар ресімделді.

     Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

     Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, өзге азаматтардың өмірі денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1299264?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version