ХХ жазғы Азия ойындарында семсерлесуден командалық бәсеке жалғасып жатыр.
Сапы бағдарламасында Қазақстан әйелдер командасы жартылай финалда Қытаймен жолығып, 21:45 есебімен жол берді.
Жапонияда ұлттық құрама сапында Ирина Бакалдина, София Николайчук, Владислава Андреева, Дарья Самоделкина сынға түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Артём Саркисян қылыш сайысында қола жүлде және сапы бағдарламасында Кирилл Проходов күміс жүлде жеңіп алған еді.
📸Арлан ОЛЖАБАЙ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1298952?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау