ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Шардара ауданы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы төрағалық етті.
Кеңес отырысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 20-1-бабына сәйкес, мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында өткізілді. Аталған бапқа сәйкес, әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Отырыс барысында Жастар ресурстық орталығының басшысы М. Мусабеков 2026 жылға бекітілген жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, жастар ұйымдарының қызметін жандандыру, мемлекеттік органдар мен мекемелер жанындағы жастар ұйымдарының жұмысын күшейту, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға мүше емес тәуелсіз жастарды аудан көлемінде өткізілетін іс-шараларға кеңінен тарту мәселелері қаралды.
Бұл бағыттағы жұмыстар «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның 3-бабында белгіленген жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өміріне тарту міндеттеріне және жастардың мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға әрі іске асыруға қатысу қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 19-бабы 3-тармағына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды, жастардың қажеттіліктеріне мониторинг пен бағалау жүргізуді, жастардың волонтерлік қызметі мен өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесуді, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз ету мен үйлестіруді жүзеге асырады.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, олардың бастамаларын қолдау, жастар ұйымдарының өзара іс-қимылын күшейту және аудан көлеміндегі жастар саясаты жұмыстарының тиімділігін арттыру бағытында тиісті міндеттер айқындалды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1298759?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version