Шымкент қаласының көшелерінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау бағытында заманауи технологиялардың мүмкіндіктері тиімді қолданылуда.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бақылау жұмыстары барысында қысқа уақыттың өзінде жиырмаға жуық құқық бұзушылық анықталды.

Ерекше назар – робот-итке аударылды. Заманауи технологиямен жабдықталған робот-ит құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында өз мүмкіндігін көрсетті. Оның көмегімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушілердің бірі анықталды.

Сонымен қатар, жылдамтықты асырған автокөліктерді анықтау үшін «Кибер шериф» кешені орнатылған арнайы автокөлік қолданылды.

Ал дрон арқылы әуеден бақылау жүргізіліп, жол қозғалысы жоғарыдан бақыланды. Нәтижесінде қауіпсіздік белдігін тақпаған және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған жүргізушілер анықталды.

Робот-ит, «Кибер шериф» және дрон сияқты заманауи технологияларды бірлесіп қолдану құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1298809?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version