2026 жылғы 23 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде медицина қызметкерлері мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Солтүстік Қазақстан облысындағы құтырма бойынша эпидемиологиялық жағдай, эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ жануарлар тістеген, сілекейі тиген және тырнаған жағдайда зардап шеккен адамдарға құтырмаға қарсы медициналық көмек көрсету тәртібі қаралды.
Сонымен қатар құтырманың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі бағыттары талқыланды.
Іс-шара соңында мамандар жұмыс барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау