Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тұрақты негізде жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау – мемлекеттік органның қызметіндегі проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға, ішкі процестерді жетілдіруге, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретін тиімді профилактикалық тетіктердің бірі.
Заңнама талаптарын іске асыру, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 120 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде Департаментте және оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жұмыс Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ұйымдастырылды.
Талдаудың негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторлар мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ олардың алдын алуға және жоюға бағытталған практикалық шараларды әзірлеу болды.
Талдау шеңберінде әкімшілік іс жүргізуді ұйымдастыру, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру практикасы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі, сондай-ақ Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің өздеріне жүктелген функцияларды орындау кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауы жан-жақты зерделенді.
Жұмыс барысында нормативтік құқықтық актілердегі оларды біркелкі қолдануда қиындықтар туғызуы мүмкін жекелеген құқықтық олқылықтар мен қайшылықтар анықталды.
Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында Департамент тарапынан ішкі процестерді жетілдіруге, әкімшілік іс жүргізудің сапасын арттыруға, анықталған кемшіліктерді жоюға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және профилактикалық іс-шаралар кешені әзірленді.
Осылайша, жүргізілген ішкі талдау одан әрі жетілдіруді талап ететін жекелеген құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді анықтауға және оларды жою жөніндегі тиісті шараларды айқындауға мүмкіндік берді.
Аталған іс-шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызмет тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды сапалы, заңды және ашық түрде орындауды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1298975?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау