Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша халықпен және кәсіпкерлік өкілдерімен кездесу өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Қызылорда теміржол вокзалында халықпен және кәсіпкерлік өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі және 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарын түсіндіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультациялық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Кездесу барысында азаматтарға мемлекеттік органдарға жүгінуге байланысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, өтініштерді қарау тәртібі жөнінде ақпарат ұсынылды. Кәсіпкерлік өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға Басқарманың сенім телефонының нөмірі таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1298915?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version