Ақтөбе қаласында өткен V жазғы ойындарда Шет ауданының намысын қорғаған жас спортшыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, дзюдодан ауыл жасөспірімдері арасындағы бәсекеде 38 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақсу-Аюлы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, Талды орта мектебінің оқушысы Төлеуғазы Ансар қарсыластарын шаң қаптырып, жеңімпаз атанды (жаттықтырушысы — Бауыржан Усембеков). Сонымен қатар қазақ күресі бойынша сынға түскен Сәкен Сейфуллин кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Бекмағанбет Әмина тартысты додада жүлделі 3 орынды иеленді (жаттықтырушысы — Ертай Каниев).
Аудан абыройын асқақтатқан жас спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін құттықтай отырып, алдағы додаларда да жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1299020?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау