Жетісуда жылыту маусымында өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

       Жетісу облысында жылыту маусымында өрттің алдын алу бағытында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. ТЖД қызметкерлері полиция, жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлесіп аулаларды аралау, рейдтер, тұрғындармен кездесулер және нұсқамалар өткізуде.

      Әлеуметтік осал отбасыларға ерекше назар аударылуда. Өңірде 6937 отбасы есепте тұр және олардың барлығы профилактикалық аралаумен қамтылды. Жалпы түсіндіру жұмыстарымен 15 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

    Әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында 1559 түтін және улы газ датчигін орнату жоспарланған, оның бір бөлігі бүгінде орнатылды.

    Профилактикалық жұмыстар күн сайын, демалыс күндерін қоса алғанда жүргізіледі. Тұрғындарға пеш пен газ жабдықтарын, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, отпен жұмыс істеу ережелерін сақтау және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндіріледі. Өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып, бүгінге дейін 1823 материал жарық көрді.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде: 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында өрт саны 29%-ға, қаза болғандар саны 35%-ға төмендеді.

    Өрттің алдын алу шаралары жалғасуда және ТЖД-ның тұрақты бақылауында.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1299100?lang=ru

Exit mobile version