Айдос Мырзахметов жаңа Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының Жарлығымен генерал-майор Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Айдос Мырзахметов — әскери қызметке жиырма жылдан астам уақытын арнаған кадрлық офицер.

1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік аяқтаған. Кейінгі жылдары ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел және командалық даярлық бойынша бірқатар курстан өткен.

Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

2022 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Үйленген, үш баласы бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1299377?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version