Астанада Қайрат Нұртастың концертіне арнайы шаттл-маршруттар қатынайды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Астана Арена» стадионында 27 қыркүйек күні сағат 19:00-де танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтеді. Көрерменге қолайлы жағдай жасау және көлік кептелісін азайту үшін бүгін арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап жүреді. Олар жолаушыларды қаланың төрт жерінен «Астана Арена» стадионына жеткізіп, концерт аяқталғаннан кейін кері бағытта да тасымалдайды.
Арнайы көліктердің жүру бағыттары:

– Астана циркінің автотұрағы;
– «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
– Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы;
– «Нұр-Сұлтан» мешітінің (Бас мешіт) автотұрағы.

Шаттл-автобустар екі бағытта да — концерт басталғанға дейін және іс-шара аяқталғаннан кейін қатынайды.
Қосымша шаттл-маршруттардың іске қосылуы стадион маңындағы көлік кептелісін азайтып, көрерменнің концертке барып-қайтуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ концерт өтетін орынға «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлігі арқылы жетуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1299362?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version