Астана қаласының М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының өнерпаздары Еңбек күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырып, көшпенділер мәдениетін дәріптейтін танымал биді орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұлттық өнер мен заманауи жастардың белсенділігі тоғысқан би арқылы оқушылар еңбекті құрметтеу, бірлік пен дәстүр сабақтастығының маңызын көрсетті.
Еңбек – елдің берекесі. Ал еңбекке құрмет жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. Еңбекті бағалай білетін ұрпақ – елдің ертеңін қалыптастыратын саналы ұрпақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1299369?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау