ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың Еңбек күнімен құттықтауы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Құрметті қазақстандықтар,
отандастар!

Еңбек күні – білімімен, шеберлігімен және адал ісімен еліміздің болашағының негізін қалап жүрген әрбір азаматтың ортақ мерекесі.
Еліміздің әр жетістігінің артында – қарапайым еңбек адамы тұр.

Олар – жұмысшылар, инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, аграршылар, құрылысшылар, әлеуметтік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер және басқа да мамандық иелері.

Сондықтан біздің басты міндетіміз – Еңбек адамына лайықты құрмет көрсету. Оның құқығын қорғау және қауіпсіз де жайлы жұмыс жағдайын жасау.

Бастысы – әр азаматтың өзіндік қабілетін ашып, заманауи экономикадан өз орнын табуына, сұранысқа ие маман болуына жағдай жасау.
Осы орайда жұмыспен қамту жүйесін жаңартып жатырмыз.
Мансап орталықтары жаңа форматта жұмыс істей бастады.

Мұндағы басты бағдар әр адамға жеке қолдау көрсету:
лайықты жұмыс табудан бастап, қажетті дағдыларды меңгеруге және орнығуға дейін көмектесу.

Еңбек қауіпсіздігі де – басты назарда. Бүгінде 3 миллионнан астам азаматтың жеке басы сақтандырылған. Ал арнайы цифрлық карта – қауіпті жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Біздің түпкі мақсатымыз – жай ғана жұмыспен қамту емес, әр азаматтың ертеңгі күнге сеніммен қарап, болашаққа нық қадам басуын қамтамасыз ету.

Елдің қуаты – баршамыздың адал еңбегімізде. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1299373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version