Шортанды ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесуі аясында Петровка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында аудан мен ауылдық округтегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жұмыстар, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды. Жиынға аудан прокуроры, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекемелерінің басшылары және жауапты мамандар қатысты. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жауапты басшылар мен мамандардан нақты жауаптар мен түсініктемелер алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1299395?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау