ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан тұрғындарын Еңбек күні және Машина жасаушылар күнімен құттықтады.
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні аталып өтеді. Сондай-ақ бұл күн машина жасаушылардың да кәсіби мерекесі. Бұл үндестіктің мәні терең. Сіздерді қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Еңбек күні еңбек адамының қоғамдағы жоғары мәртебесін, жұмысшы және кәсіби мамандықтарға деген құрметті арттырудың, отбасылардағы еңбек әулеттері дәстүрін жаңғыртудың, тәлімгерлік тәжірибені жалғастырудың маңызын еске салады.
Машина жасау – Шығыс Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Өңірде өнімдері елімізде және шетелде танымал көптеген машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың қатарында «Востокмашзавод» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ, «Силумин-Восток» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Өскемен «ҚазРосПромАрматура» зауыты» қоғамдық бірлестігі және басқа да кәсіпорындар бар.
Баршаңызға жаңа жетістіктер, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1299366?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау