АМАНТАЙ ӘПЕТҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДОДА БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Бүгін Қожакент ауылында Еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Амантай Әпетұлын еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі облыстық ашық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбек адамдарын дәріптеу арқылы қоғам мәртебесін көтеру керек. Адал әрі табанды еңбегімен елге танылған адамдар қашанда құрметті» деп атап көрсеткен болатын.
Осы мақсатта ұйымдастырылған спорттық додаға аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серик Дуйсенбаев, қоғам қайраткерлері Ибрагим Абибуллаев, Бекмырза Еламанов, Нәжімадин Мұсабаев, Бақыт Нұртазаев, Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Куттыкожаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов бастаған ел ағалары қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбекұлы облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың арнайы құттықтауын жеткізіп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткері Ибрагим Абибуллаев және Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, ел ағасы Әсет Жиенқожаев жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.
Дәстүрлі турнирге Астана, Шымкент, Ақтөбе, Түркістан, Тараз, Қызылорда қалалары мен Шиелі ауданынан барлығы 14 команда қатысып, өзара бақ сынауда.
Спортты серік еткен осындай тағылымды дода – елге еңбегі сіңген арда азаматтардың есімін ұлықтап, кейінгі буынға өнеге етудің жарқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1299792?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version