Ақтөбе облысында «Дала дәмі» республикалық концепциясы аясында кезекті жәрмеңке өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

https://www.instagram.com/reel/Ddvt3HIuy5O/?stkn=MWkzajN3NDd2aWo1OA== 

«Дала дәмі» республикалық концепциясы аясында бүгін Ақтөбе облысында кезекті жәрмеңке ұйымдастырылды.

Бүгінгі жәрмеңкеге Әйтеке би, Қарғалы және Мұғалжар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Табыс» коммуналдық базарында өз өнімдерін ұсынды. Олар жалпы 4,7 тонна ет өнімдерін, 1,2 тоннадан астам сүт өнімдерін және 10 тонна көкөніс өнімдерін өткізді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдер де ұсынылды. «Бүгін Ақтөбе қаласында өтіп жатқан жәрмеңкеге Әйтеке би ауданынан 4 округтен 4 жылқы,1 сиыр етін әкеліп жатырмыз.

Нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен. Мына жерде сүт өнімдері, сары май, сүттері бар. Тұрғындар кезекпен тұрып, алынып жатыр. Халыққа өте тиімді деп ойлаймын», – деді Жабасақ ауылдық округінің әкімі Серікқали Ермағамбетов.

Аталған бағыттағы жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіліп отырады. Шара азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға жағдай жасайды. Сондай-ақ, қала бойынша «Табыс» әлеуметтік дүкендерінде әр ауданнан өнімдер сатылып, тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие болуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1299668?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version