Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында ауыр атлетикадан 85 келіде жүлде сарапқа салынды.
Ерлер арасында 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты.
Серпе көтеруде отандасымыз 205 келіні көтеріп, қоссайыста 378 келімен екінші орынға тұрақтады.
🥇🇰🇵Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) – 379 келі (165+214)
🥈🇰🇿Алексей Чуркин – 378 келі (173+205)
🥉🇨🇳Шуннан Чен (Қытай) – 374 келі (163+211)
Айта кетейік, бұл ауыр атлетикадан ел қоржынына түскен екінші жүлде. Кешегі жарыс күнінде 77 келідегі Аянат Жұмағали күміс жүлдеге ие болған еді.
📸 Сали САБИРОВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1299777?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау