ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Елімізде интернет алаяқтық белең алып барады. Қазіргі таңда оның түрлері көбейіп, адамдардың жеке деректеріне, қаржысына қауіп төндіруде. Алаяқтар банк қызметкері, құқық қорғау органдарының өкілі немесе танымал компания атынан хабарласып, сізден жеке ақпарат сұрастырып, құрықтарына түсіруді мақсат тұтқан.

Ал интернет алаяқтық – интернет арқылы жасалатын заңсыз әрекеттер, олардың мақсаты – адамдардың жеке, қаржылық немесе басқа да маңызды ақпараттарын ұрлау, сондай-ақ қаржылық пайда табу. Бұл алаяқтықтың түрлері мен әдістері әртүрлі, олардың барлығы интернеттегі пайдаланушыларды алдап, зиян келтіруге бағытталған.

Сондықтан ешқашан бейтаныс адамдарға банк картасының мәліметтерін, құпия сөздер мен кодтарды бермеу керек. Сондай-ақ, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға жауап бермеңіз, бейтаныс қосымшаларды жүктемеңіз.

Ресми сайттар мен тексерілген дереккөздерден ғана ақпарат алыңыз.
Күдікті әрекеттер байқалса, банкке немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарласыңыз.
Өйткені, сақтық – қауіпсіздіктің кепілі!
#Заңментәртіп
 #ЗАКОНИПОРЯДОК

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1299740?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version