Медицина мамандарына иммунопрофилактика және адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселелері бойынша облыстық семинар өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Медицина мамандарына иммунопрофилактика және адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселелері бойынша облыстық семинар өткізілді
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында «Иммунопрофилактика мәселелері және 11-17 жастағы қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға медициналық ұйымдар басшыларының орынбасарлары, госпитальдық эпидемиологтар, иммунологтар, мектеп дәрігерлері мен медицина қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында мамандарға адам папилломавирусы инфекциясының эпидемиологиясы, ауру жүктемесі, жатыр мойны обырының алдын алу, сондай-ақ АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Атап айтқанда, “Гардасил 9» вакцинасын қолдану тәртібі, вакцинациямен қамту көрсеткіштері, иммундау деректерін ақпараттық жүйеге енгізу, сондай-ақ вакциналарды сақтау мен тасымалдаудағы «салқындату тізбегіне» қойылатын талаптар түсіндірілді.
Семинар барысында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша кеңес беру орталығының басшысы, бас эпидемиологы Гүлфайра Мирзабекова, «JANUIA medical center» қалалық емханасының педиатриялық қызмет меңгерушісі, иммунопрофилактика жұмысының облыстық үйлестірушісі Виолетта Евграшина және Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Мұрат Джумабаев баяндама жасады.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1299835?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version