Медициналық көмек елді мекендерге – қолжетімді
Жамбыл облысының шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға медициналық көмекті қолжетімді ету мақсатында 10 ауданда жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейді. Оның екеуі – «КамАЗ» базасында, сегізі – автобус негізінде жасақталған.
2026 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 297 елді мекеннің 153-і жылжымалы кешендердің қызметімен қамтылды. Мамандардың тексеруі нәтижесінде анықталған аурулардың басым бөлігін өзге аурулар – 71,53%, қанайналым жүйесі аурулары – 16,68%, балалар арасындағы аурулар 9,21% құрады.
Жылжымалы кешендер жұмысының маңызды бөлігі – бейінді мамандардың кеңесі. Бұл көрсеткіш 2024 жылы- 92%, 2025 жылы – 76%, ал 2026 жылы – 68,7% болған.
Жақында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығына жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын екі жылжымалы медициналық кешен берілді. Бұл кешендер тұрғындарға қажетті медициналық тексерулерді тұрғылықты жеріне барынша жақындатуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1299850?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау