Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналиновтың төрағалығымен өткен қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі облыс әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысына қатысты.
Аталған отырыста бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру, оларды спорттық және мәдени іс-шараларға тарту, сондай-ақ қылмыстық атқару жұйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарға жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру шаралары туралы мәселелер қаралды.
Өкіл консультативтік-кеңесші органның мүшесі ретінде сөз сөйлеп, адам құқықтарын сақтау, жазасын өтеп жатқандарға жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу сыныптарын қажетті жиһаздармен жабдықтау, сондай-ақ аталған санаттағы азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға тиімді кіріктіру мақсатында алдағы Республика күні аясында ауқымды мәдени іс-шараларды өткізу жөнінде өз ұсыныстарын енгізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1299867?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау