Сұлусай шағынауданындағы Медеу, 11 мекенжайында тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Сұлусай шағынауданындағы Медеу, 11 мекенжайында тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұған дейін аталған аумақта көше жарығы болмаған. Абаттандыру жұмыстары аясында жаңа сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылып, 27 торшерлік жарықтандыру тірегі қойылды. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер бағыты кешкі және түнгі уақытта жарықтандырылып, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды.

Сонымен қатар аталған аумақта ұзындығы 120 метр болатын баспалдақ салынды. Бұл тұрғындардың қоғамдық көлік аялдамасына ыңғайлы әрі кедергісіз жетуін қамтамасыз етіп, күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Баспалдақтың салынуы әсіресе күзгі-қысқы кезеңде және жауын-шашынды күндері маңызды. Бұған дейін тұрғындар абаттандырылмаған аумақпен жүруге мәжбүр болып, лай мен жер бедерінің күрделілігі қолайсыздық туғызатын. Ендігі бұл жерде тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы жаяу жүргіншілер бағыты қалыптастырылды.

Атқарылған жұмыстар Сұлусай шағынауданындағы жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға, қауіпсіздікті арттыруға және Медеу ауданы тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1299826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version