Су саясаты жөніндегі ұлттық диалогта Су кодексін іске асыру, бассейндік жоспарлау және инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев Қазақстандағы су саясаты жөніндегі ұлттық диалогтың Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің тоғызыншы отырысын ашты. Жиынға БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Ульрих Кинне, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Отырыстың ашылуында Арсен Жақанбаев су саласында ауқымды өзгерістер болғанын атап өтті.

«Жаңа Су кодексінің қолданысқа енгізілгеніне бір жылдан асты. Қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің басым бөлігі әзірленді, жаңа тетіктерді іс жүзінде қолдану басталды. Сегіз су шаруашылығы бассейнінің барлығында бассейндік жоспарлар әзірленіп жатыр. Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Оларды мемлекеттік органдармен, сарапшылармен және халықаралық серіктестермен бірлесіп, соның ішінде Ұлттық диалог аясында да жалғастыру маңызды», – деді вице-министр.

Отырыста қазақстандық және халықаралық сарапшылар су шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу жөнінде ұсыныстарын айтып, өңірлердің сумен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру үшін табиғатқа негізделген шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Жеке сессияда жеке инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі жобаларды қаржыландыруға жеке инвестициялар тарту мәселесіне назар аударылды. Бұдан бөлек, Су және денсаулық проблемалары жөніндегі хаттаманың орындалу барысы қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар 2025-2026 жылдарға арналған Ұлттық диалогтың жұмыс жоспарының орындалу барысын қарастырып, 2027 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы мен басым бағыттарын талқылады. 2027 жылға арналған жоспар жобасында су заңнамасын жетілдіру, су ресурстарын басқару мен жоспарлауды дамыту, климаттың өзгеруіне бейімделу, су саласына инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы іс-шаралар қамтылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1299936?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version