Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

 

2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы А.А.Кусаиновтың жетекшілігімен Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерімен  кеңес өткізді.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылық пен адалдық қағидаттарын ұстануы, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау және олардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын сақтау, қызметтік әдепті нығайту және мемлекеттік қызметке деген қоғамның сенімін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және қызметтік әдеп талаптарын сақтау бағытында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1299802?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version