«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Шет ауданының барлық елді мекендерінде ауқымды көгалдандыру және тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Ақадыр кентінде «Тал ек, табиғатты аяла» атты жаңадан бой көтеретін саябақ аумағында өткен экологиялық бастамаға Шет ауданының әкімі М. Мұхтаров арнайы қатысып, туған жердің тазалығы мен көркейіп-гүлденуіне үлес қосып жүрген тұрғындарға алғысын білдіріп, игі іске сәттілік тіледі.
Ақадыр кентіндегі шара барысында жаңа саябақ аумағына 500-ден астам ағаш отырғызылды. Жұмыстарды үйлесімді жүргізу мақсатында 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылып, жаңадан егілген талдарды суару жұмыстары ұйымдастырылды.
Ауданды көркейтуге бағытталған маңызды акцияға барлық ауылдық округтердегі мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар ерекше белсенділікпен қатысты.
Сонымен қатар аудан әкімі Төменгі Қайрақты ауылының тазалық барысын, ішкі көше жолдарына жүргізілген жөндеу жұмыстары мен төселген асфальттың сапасын тексеріп, Жұмыскер ауылындағы тазалық жұмыстарының барысымен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1299711?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау