«Дала дәмі» жәрмеңкесіне Жамбыл облысының барлық 10 ауданы мен Тараз қаласының шаруалары қатысып, өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды.
Сөрелерден ет пен сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, ұн, май, бал, жұмыртқа және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түліктер табылды.
Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – өнімдердің тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен ұсынылуы. Бұл қала тұрғындарына жергілікті өнімдерді бір жерден таңдап, сатып алуға мүмкіндік берді.
Жәрмеңке барысында өңірде өндірілетін табиғи әрі сапалы өнімдер көпшілік назарына ұсынылып, ауыл шаруашылығы саласының мүмкіндігі де көрсетілді.
«Дала дәмі» жәрмеңкесі – ауыл мен қаланы байланыстырып, жергілікті шаруалардың еңбегін көпшілікке танытатын алаң.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1299860?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау