ТҮРКІСТАНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ШЕБЕРДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында «Turkistan Brand Craft Fair – 2026» халықаралық қолөнершілер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі басталды.
Жәрмекенің салтанатты ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, іс-шараның маңызына тоқталды.
– Баршаңызды Түркістан төрінде өтіп жатқан «Turkistan Brand Craft Fair-2026» фестивалінде қарсы алу мен үшін үлкен құрмет. Өздеріңізге белгілі, туризм Түркістан облысы экономикасының басым саласының бірі. Үкімет және әкімдік тарапынан туризм саласын дамытуға жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Туризм саласы дамуы үшін экономиканың барлық саласы қатар дамуы тиіс. Яғни, туризмнің дамуы барлық салаларға байланысты. Оның ішінде қолөнер қызметін дамыту ерекше орын алады. 2025 жылдың 3 наурызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» арнайы заңға қол қойды. Қабылданған заңда қолөнер саласындағы шеберлерге мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылып, жергілікті қолөнершілердің кәсібін дамытуға және өнімдерін ілгерілетуге жол ашылды. Туристер үшін жергілікті қолөнер туындылары басты қызығушылықтың бірі болып отыр. Сондықтан да біз туризмді дамытуда қолөнершілерге жүйелі қолдау көрсетуді негізгі басымдық ретінде айқындап келеміз. Бүгінгі көрме қолөнершілерге тәжірибе алмасуға, өнімдерін халықаралық деңгейде насихаттауға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға үлкен мүмкіндік. Баршаңызды ұлттық өнерімізді ұлықтауға, Түркістанды халықаралық деңгейдегі ірі туризм орталығына айналдыруға шақырамын! – деді Ертай Кенжебекұлы.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркияның «KUYAM» қолөнершілер бірлестігінің төрайымы Зубейде Атан Бұлбұл және Үндістанның World Crafts Council ұйымының вице-президенті Сундип Кумар жәрмеңкені аралап көрді. Облыс әкімінің орынбасары шетелдік қонақтарға жәрмеңкеде ұсынылған қолөнер бұйымдарын таныстырды.
Жәрмеңкеге еліміздің барлық өңірінен және шетелден 200-ге жуық шебер қатысып жатыр. Олар өздерінің бірегей туындыларын көпшілік назарына ұсынуда. Мұнда керамика, ағаш, былғары, металл, киіз және тоқыма бұйымдары, ұлттық және дизайнерлік киімдер, зергерлік бұйымдар, авторлық кәдесыйлар, сондай-ақ табиғи әрі экологиялық таза өнімдер қойылған.
Жәрмеңкенің мақсаты – қолөнерді, кəсіпкерлікті, туризмді, креативті индустрияны жəне халықаралық ынтымақтастықты бір алаңда тоғыстыратын жаңа форматтағы халықаралық платформа қалыптастыру.
«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Асқар Абубакировтың айтуынша, елімізде ерекше өнім жасайтын талантты шеберлер көп. Бірақ олардың барлығында заманауи қаптама, маркетинг, цифрлық ілгерілету жəне жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі бірдей емес. Осыған байланысты жәрмеңкенің басты ерекшелігі – қолөнерді тек сақтап қана қоймай, оны бәсекеге қабілетті өнім мен брендке айналдыруға мүмкіндік беру. Мұнда қатысушылар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, тікелей сатуға, жаңа тұтынушылар мен іскерлік серіктестер табуға мүмкіндік алады. Ал келушілер бұйымдарды тікелей шеберлерден сатып ала алады.
Биылғы жәрмеңкеге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, республикалық «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері де арнайы шақырылған. Бұл бастама ауылдық жерлердегі өндірушілерге өз өнімдерін кең аудиторияға, туристерге және бизнес өкілдеріне таныстырып, нарық аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Айта кетсек, облыста туризмді дамыту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыстың туризм саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер саны 347,6 мың адамға жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда екі есе артты. Табиғи аумақтарға келген туристер ағыны төрт есеге өсіп, 161,5 мың адамды құрады. Қонақүй және орналастыру қызметтерінің көлемі 8,5 млрд теңгеге жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда жеті есеге артты. Ал орналастыру орындарындағы төсек-орын саны 10 335-ке жетіп, екі есеге көбейді.
Туризмді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өңір экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 612 млрд теңгеден асты. Соның арқасында салада 19,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде облыста қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары мен балалар лагерьлерін қоса алғанда, 278 орналастыру нысаны жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Сонымен қатар Түркістан облысы елімізде емдік-сауықтыру туризмі бойынша көш бастап тұр. Республикадағы 175 сауықтыру мекемесінің 117-сі Түркістан облысында орналасқан. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда үш есеге көп.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—-
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛА МЕЖДУНАРОДНАЯ ЯРМАРКА РЕМЕСЕЛ, СОБРАВШАЯ ОКОЛО 200 МАСТЕРОВ
В Центре ремесленников города Туркестана стартовала международная ярмарка ремесленников и экологической продукции «Turkistan Brand Craft Fair-2026».
В торжественном открытии ярмарки принял участие заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев, который отметил значимость мероприятия.
– Для меня большая честь приветствовать всех вас на фестивале «Turkistan Brand Craft Fair-2026» в Туркестане. Как вам известно, туризм является одной из приоритетных отраслей экономики нашей области. Со стороны Правительства и акимата ведется системная работа по развитию туризма. Для этого должны развиваться параллельно все отрасли экономики. То есть развитие туризма связано со всеми сферами. Особое место среди них занимает развитие ремесленной деятельности. 3 марта 2025 года Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал специальный закон «Об особом статусе города Туркестана». В принятом законе предусмотрены меры государственной поддержки мастеров в сфере ремесел, открыты пути для развития бизнеса местных ремесленников и продвижения их продукции. Для туристов изделия местных ремесел являются одним из главных объектов интереса.
Поэтому мы определили системную поддержку ремесленников как один из основных приоритетов в развитии туризма. Сегодняшняя выставка дает большую возможность ремесленникам обменяться опытом, продвигать свою продукцию на международном уровне и установить новые партнерские связи. Призываю вас вместе превратить Туркестан в крупный международный центр туризма! – сказал Е. Алтаев.
Затем замакима области вместе с председателем объединения ремесленников Турции «KUYAM» Зубейде Атаном Бюльбюлем и вице-президентом индийской организации «World Crafts Council» Сундипом Кумаром осмотрел ярмарку и презентовал зарубежным гостям изделия ремесленников.
В ярмарке принимает участие около 200 мастеров со всех регионов страны и из-за рубежа. Они представляют вниманию публики свои уникальные творения. Здесь выставлены керамические, деревянные, кожаные, металлические, войлочные и текстильные изделия, национальная и дизайнерская одежда, ювелирные украшения, авторские сувениры, а также натуральная и экологически чистая продукция.
Цель ярмарки – сформировать новую международную платформу, объединяющую на одной площадке ремесла, предпринимательство, туризм, креативную индустрию и международное сотрудничество.
По словам директора туристического информационного центра «Open Turkistan» Аскара Абубакирова, в стране много талантливых мастеров, создающих уникальную продукцию, но не у всех из них есть одинаковые возможности для современной упаковки, маркетинга, цифрового продвижения и выхода на новые рынки. В связи с этим главная особенность ярмарки – не просто сохранить ремесло, но и дать возможность превратить продукцию в конкурентоспособный продукт и бренд. Здесь участники не только презентуют свои изделия, но и получают возможность напрямую продавать их, находить новых потребителей и деловых партнеров. А посетители могут покупать изделия напрямую у мастеров.
На ярмарку совместно с Национальной палатой предпринимателей «Атамекен» специально приглашены финалисты республиканского проекта «Одно село – один продукт». Эта инициатива дает возможность производителям из сельской местности представить свою продукцию широкой аудитории, туристам и представителям бизнеса и расширить рынки сбыта.
Отметим, в области ведется системная работа и по развитию туризма. По итогам восьми месяцев 2026 года в сфере туризма достигнуты значительные результаты. Количество туристов, обслуженных в местах размещения, достигло 347,6 тыс. человек, что вдвое больше по сравнению с 2018 годом. Поток туристов в природные территории вырос в четыре раза и составил 161,5 тыс. человек. Объем услуг гостиниц и размещения достиг 8,5 млрд тенге, что в семь раз больше, чем в 2018 году. А количество койко-мест в местах размещения достигло 10 335, увеличившись вдвое.
В результате системной работы, направленной на развитие туризма, объем инвестиций, привлеченных в экономику региона, превысил 612 млрд тенге. Благодаря этому в отрасли было создано 19,2 тыс. новых рабочих мест. Сегодня в области функционируют 278 объектов размещения, включая гостиницы, хостелы, зоны отдыха и детские лагеря. Этот показатель вырос вдвое по сравнению с 2018 годом. Кроме того, Туркестанская область является лидером в стране по лечебно-оздоровительному туризму. Из 175 оздоровительных учреждений республики 117 расположены в Туркестанской области. Этот показатель в три раза больше, чем в 2018 году.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1299868?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау