⚜️Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

АПВ-ға қарсы вакцинация адам папиллома вирусы тудыратын аурулардың алдын алу үшін жүргізіледі. Негізгі мақсаты – жатыр мойны обырының алдын алу.

Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында                  сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады,  ал ауруды адам папиллома вирусы немесе АПВ тудырады.

            Жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында 11-13 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы екпе алу ұсынылады, сондай-ақ 14-17 жас қоса алғандағы қыздарға қосымша вакцинация  жүргізіледі.

Осы жастағы балалардың иммундық жүйесі қорғаныш антиденелерін өндіруде жоғары тиімділікті көрсетеді.

            Осы жаста жасалған вакцинация, тұрақты және ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз етеді. Кейінгі өмірде қыздарды ықтимал ауыр инфекциядан қорғайды. Ағза вакцинаға антиденелер өндіру арқылы жауап береді, олар иммундық жүйеге АПВ-инфекциясымен күресуге көмектеседі.

АПВ-ға қарсы вакцинация ғылыми дәлелденген, қауіпсіз және тиімді профилактика әдісі болып табылады. Ол ата-аналардың келісімімен, дәрігердің қарап-тексеруінен кейін ерікті түрде жүргізіледі.

            Бүгінгі вакцинация – бұл болашақ ұрпақтың денсаулығын қорғап, қауіпті аурудың дамуын болдырмау мүмкіндігі.  

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/1300760?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version